Медиа орталық

Ақмола облысы

Ақмола облысында майлы дақылдарды өңдеу зауыты өз жұмысын бастайды

Ақмола облысында майлы дақылдарды өңдеу  зауыты өз жұмысын бастайды

Ақмола облысында 2021 жылы майлы дақылдарды өңдеу зауыты (май экстракциялау зауыты) салынатын. Инвестицияның жалпы соммасы 52 миллион АҚШ доллар құрайтын жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен қазақстандық «Sunshine Agro» ЖШС БК» және «Gansu Tian Yuan Yang Guang Agricultural Development» жүзеге асырады. Тиісті келісім-шартқа тараптар Нұр-Сұлтан қаласында қол қойды.

Май экстракциялау зауытының құрылысы екі кезеңнен тұрады. 2021 жылы аяқталатың бірінші кезеңнің аясында майлы дақылдарды бастапқы өңдеу және тазартылмаған өсімдік майын өндіру жоспарланған. Екінші кезең аясында майды рафинациялау және бөлшектеп өлшеуге арналған нысандар мен инфрақұрылымды салу жоспарланған.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1000 тонна құрайды. Зауыт жыл сайын 300 мың тонна майлы дақылдарды (зығыр, канола, күнбағыс, соя) өңдейдеп, шамамен 120 мың тонна өсімдік майын шығарады, сондай-ақ 110 мың тоннадан астам рапс, зығыр және күнбағыс күнжарасын өңдіреді. Жобаны іске асырған жағдайда 165 жаңа тұрақты жұмыс орын ашылады.

«Шетелдік инвестормен ынтымақтастық біздің өнімдеріміздің сыртқы нарыққа шығуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің жағдайда жобаға инвестордың қатысуы - бұл жаңа жабдықпен жұмыс істеу, жаңа технологияларды қолдану, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру үшін маңызды болып табылатын қаржыландыру мәселесі шешіледі. Аталған инвесторды тартуға «KAZAKH INVEST» компаниясы үлкен үлес қосты, осыны атап өткен жөн. Компания процесс бойы бізге толық жәрдем беруде», - деді «Sunshine Agro» БК» ЖШС бас директоры Зинулла Қазиев.

Жалпы, бұл жобаны іске асыру болашақта майлы дақылдардың егіс көлемі 1,5 есеге, ал дәндеріді өңдіруі 600 мың тоннаға артады. Өнімінің болжалды өсуі зауытының толық жүктемесін қамтамасыз етеді. Өнімнің 80% -ы шет елдерге, оның ішінде Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстанға экспортталуы жоспарланып отыр, ал күнжараның негізгі тұтынушылары Өзбекстан, Иран және Ресей болмақ.

«Біз ауыл шаруашылығы саласында жоғары технологияларды қолданатын инвесторларды тартуға тырысамыз. Бұл, ең алдымен, біздің фермерлерге сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік береді. Екіншіден, майлы дақылдарды шикізат түрінде экспортқа шығармай, фермерлерді нарықтық тетіктері арқылы өнімді ел ішінде өңдеуге ынталандыру өте маңызды. Шикізатқа қарағанда, өңделген өнімінің бағасы жоғары, бұл біздің фермерлерге көп пайда алуға мүмкіндік береді. Және тағы бір маңызды мәселе - жаңа жұмыс орындарын құру және азаматтарымыздың білімін арттыру. Осылайша, шетелдік инвесторлардың көмегімен, біз экстенсивті ауыл шаруашылығынан жоғары технологиялық ауыл шаруашылыққа көшіп жатырмыз», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Ұлбосын Сарыбаева.

«Sunshine Agro» ЖШС БК» және «Gansu Tian Yuan Yang Guang Agricultural Development» компаниялары қазақстандық фермерлермен тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, майлы дақылдарды өсіру және жинау үшін кәсіпорындарды біріктіріп, майлы дақылдарды қабылдау және өңдеу бойынша мамандандырылған орталықтар құрып, көлік, логистика және сервистік компания құрмақ.

Анықтама: 

«KAZAKH INVEST» шетелде және республика өңірлеріндегі өкілеттіктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге