Біз туралы

Біз туралы

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев

Облыс әкiмiнiң орынбасары

Марат Несiпқалиұлы Иғалиев, 1974 жылы туған, Алматы экономика және статистика институтын экономика мамандығы бойынша бiтiрдi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызмет академиясының түлегi, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң аспирантурасын бiтiрген, саяси ғылымдардың кандидаты.

1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi талдау орталығы сарапшысы болып iстедi. 2003-2009 жылдары Ақтөбе облысы әкiмi аппараты басшысы, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бас сарапшысы, бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрiнiң кеңесшiсi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және бақылау комитетi төрағасы орынбасарының лауазымдарын атқарды. 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Сауда комитетi төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң кеңесшiсi, одан кейiн Атом энергиясы комитетi төрағасының орынбасары, әкiмшiлiк-кадр жұмысы департаментiнiң директоры, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Туризм индустриясы департаментiнiң директоры, «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Ақмола облысы әкiмiнiң кеңесшiсi болып қызмет атқарды.

2018 жылғы тамызда Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге